Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы сақтандыру компанияларының таза табысы азайды

Қазақстандағы сақтандыру компанияларының таза табысы азайды

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру ұйымдарының таза табысы өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеп, 29,9 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін: 2018 жылдың ұқсас кезеңінде таза пайда 30,8 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 2,6 есеге артты. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Соңғы бес жылда ең аз таза пайда 2017 жылы алынды: 11,9 млрд теңге, жыл ішінде 58,8%-ға төмендеген.

Бұл ретте сақтандыру компанияларының кіріс сомасы жылына 25,1%-ға ұлғайып, 176,7 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде кіріс 141,2 млрд теңгені құрап, 21,4%-ға өсті. Соңғы бес жылдаға ұқсас кезеңде кірістер 2015 жылы төмендеді,содан кейін 2016 жылдан бастап жылына орташа есеппен 16,2%-ға өсті.

Негізінен сақтандырушылар өздерінің негізгі қызметінен кіріс алады. Мәселен, қаңтар-мамыр айларында барлық табыстардың 83,7% сақтандыру қызметінен түскен табысқа тиесілі, бір жыл бұрын үлес 78,2%-ды құрады. Инвестициялық қызметтен түскен кірістер жылына 20,2%-дан 15,7%-ға дейін төмендеді, ал өзге қызметтен түскен кірістер небәрі 0,5%-ды құрады (бір жыл бұрын - 1,6%).

Похожие материалы