OFAC "Сбербанкке"2022 жылдың 12 шілдесіне дейін уақыт берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және "СберБанк" АҚ ЕБ АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control (OFAC) бас лицензия шығарғанын мәлімдеді. Оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.
Осы кезең ішінде банк штаттық режимде жұмыс істей береді. Банк клиенттері теңгемен және рубльмен төлемдер мен аударым операцияларын шектеусіз жүргізе алады.
Айта кетейік, Бұған дейін OFAC-тың ресейлік "СберБанк" ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген еді.
Көрсетілген қаржы ұйымымен және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.
"Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар. Осылайша, Банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", – делінген мәлімдемеде.