Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы жасырын есірткі саудасы әлі де тоқтамады. Қалмұханбет Қасымов есірткімен күрестің жаңа тәсілін ұсынды

Қазақстандағы жасырын есірткі саудасы әлі де тоқтамады. Қалмұханбет Қасымов есірткімен күрестің жаңа тәсілін ұсынды

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz - Қазақстан ІІМ 100 АЕК-ке дейінгі сомадағы анонимді төлемдер мүмкіндігі туралы норманы алып тастауды ұсынады, деп мәлімдеді ведомство басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Оның айтуынша, бұл норманы алып тастамасақ, синтетикалық есірткі таратушыларды жауапкершілікке тарта алмаймыз.

«Синтетикалық есірткі бізге Ресейден, АҚШ-тан, Еуропадан әкелінеді, оның көпшілігі пошта арқылы түседі және Киви әмиян арқылы төленеді. . Демек біз тек сатып алатындарды ғана ұстаймыз», - деді Қ.Қасымов сәрсенбі күні Астанада өткен мәжілістің пленарлық отырысында.

«Біріншіден, біз қазір интернет-ресурстарды жауып жатырмыз. Өткен жылы біз 522 сайтты жабсақ, биылғы жылы 3200 сайтты жабдық. Екіншіден, біз қазір Ұлттық банк пен біздің Қаржы министрлігіне ұсыныспен шықтық, "Төлемдер туралы" Заңға сәйкес 100 АЕК-ке дейін жасырын түрде төлем жасауға болады, бұл 240 мың теңге. Біз ақша қозғалысын көру үшін осы жасырын төлемдерді алып тастауды ұсындық. Бұл мәселе қазір қарастырылуда», - деп мәлімдеді министр.

Похожие материалы