Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың ақпан айының соңында жеңіл автокөліктер саны 3,7 млн болды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,6%-ға төмен, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстандағы барлық автокөліктердің 3,5 миллионы жеке тұлғаларға тиесілі, бұл 2018 жылға қарағанда 4,8%-ға аз.
2019 жылдың ақпан айында елімізде 77,8 мың жеңіл көлік тіркелген, оның 96,8%-ы — жеке тұлғалар. Ағымдағы жылдың қаңтарымен салыстырғанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3,7%-ға азайды, бірақ 2018 жылдың ақпанымен салыстырғанда 5,7% - ға артты.
Айта кету керек, Қазақстандағы автокөліктердің 64%-ы немесе 2,4 миллионы 10 жылдан асқан. Олардың саны бір жыл ішінде 0,4%-ға өсті. 3-тен 7 жылға дейінгі автокөліктер 25,7%-ға, 566,9 мың көлікке дейін артты. Жыл ішінде 3 жылдан кем жаңа автокөліктер саны 32,2%-ға, 381,5 мың бірлікке дейін азайды.
Барлық жеңіл көліктердің 3,3 миллионы немесе 90%-ы бензинмен жүреді, бұл 2018 жылдың ақпан айының соңына қарағанда 7,5%-ға аз. Дизель отынындағы (40,5%-ға, 83,2 мыңға дейін) және аралас отындағы (37%-ға, 247,2 мың көлікке дейін) авто саны айтарлықтай артты.
Газбен жүретін автокөліктердің барлығы 3,8 мыңға жетеді, бұл барлық автокөліктердің тек 0,1%-ын құрайды.