Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық әйелдер тұңғыштарын орта есеппен 25 жаста дүниеге әкеледі: Ең жас аналар Түркістан облысында тұрады

Қазақстандық әйелдер тұңғыштарын орта есеппен 25 жаста дүниеге әкеледі: Ең жас аналар Түркістан облысында тұрады

Қазақстан. 2 маусым. 7kun.kz – 2021 жылы елде 446,5 мың бала дүниеге келді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,6%-ға көп және 2019 жылға қарағанда бірден 11%-ға артық, бұл туралы 7kun.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік тұрғыда 2021 жылы жаңа туған нәрестелердің көпшілігі халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында тіркелді: 65,1 мың адам, плюс 6,2%. Үздік үштікке Алматы облысы (55,2 мың сәби, плюс 1,5%) және Алматы қаласы (37,9 мың сәби, плюс 6,7%) кірді.

Алдыңғы жылы балалар ең аз дүниеге келен өңір – Солтүстік Қазақстан. Онда 6,5 мың сәби өмірге келген, бұлбір жыл бұрынғыдан 5,7%-ға аз. Солтүстік Қазақстаннан басқа, Қостанай және Павлодар облыстарында туу көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Туудың ең көп өсімі Шымкентте тіркелді: жылына бірден 11,5%-ға, 35,4 мың сәбиге дейін.

Елдегі барлық сәбилердің жартысынан астамын 20-29 жас аралығындағы «жас аналар» туды: 20-24 жаста – 98,2 мың сәби, 25-29 жаста – 137 мың нәресте. Тағы 14,5 мың сәби (ҚР-дан 3,3%) 20 жасқа толмаған аналарда дүниеге келген.

Тұңғыштарын дүниеге әкелген аналардың орташа жасы 25,2 жасты құрады (2020 жылы 25,3 жас). Қалаларда бұл орташа көрсеткіш 25,9 жас, ауылдарда 24 жас болды.

Похожие материалы