Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық акциялар ресейлік биржада пайда болуы мүмкін

Қазақстандық акциялар ресейлік биржада пайда болуы мүмкін
Қазақстандық "БАСТ" тау-кен компаниясының акцияларын ресейлік биржаға шығару жоспарланып отыр. "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Тұрлов LS-ке берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.  "Қазір "Баст" тау-кен компаниясының және тағы бірнеше қазақстандық акцияларды Санкт-Петербургтегі биржаға қосу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің бағалауымызша, ресейлік клиенттеріміз және осы елдегі басқа да кәсіпқой инвесторлар компанияға қызығушылық танытып отыр",-деді Тимур Тұрлов. Оның сөзінше, осыған дейін ресейлік инвесторлар компанияға қызығушылық танытып, Қазақстандық қор биржасындағы бағаға қарағанда қымбатырақ сатып алуға дайын тұрды. Бірақ қазақстандық брокерлік компанияларда есептері болмауы және инфрақұрылымының өз деңгейінде дамымағандығы кедергі болған. Еске салайық, осыған дейін бірнеше ресейлік ірі компаниялардың акциялары Қазақстандық қор биржасына келетіндігі туралы хабарланған еді.

Похожие материалы