Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық әскерилер Африкаға аттанады

Қазақстандық әскерилер Африкаға аттанады

Нұр-Сұлтан. 30 маусым. 7kun.kz – Парламент Қазақстанның БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуын кеңейтуін мақұлдады. Қазақстандық әскерилер Мали мен Конго Демократиялық Республикасы мен Орталық Африка Республикасына барады. Мұндай ұсынысты ҚР президенті көтерді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы әртүрлі деңгейдегі дайындықта. Бөлімшелерімізді бірден емес, өтінімдер бойынша жіберетін боламыз. Миссияны орындауға дайындық бойынша баға берілетін болады», - деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Қазақстан штабтық офицерлер және әскери байқаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін әскери миссияға бөлуге дайын.

400-ге жуық қазақстандық әскерилер келесі миссияларға қатысады:

  • БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көп бейінді кешенді миссиясы (MINUSA);
  • БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиялары (MONUSCO);
  • БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясы (MINUSMA);
  • «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» (UNIFIL) миссиялары.

2014 жылдан бері 45 қазақстандық офицер БҰҰ-ның Батыс Сахара, Кот-д'Ивуар және Ливандағы миссияларына әскери бақылаушылар және штаб офицерлері ретінде қатысты. 2018 жылдан бері БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің бітімгершілік бөлімшесінің құрамында 520 қазақстандық әскери қызметші бар. Бүгінгі таңда 6 және 9 қазақстандық әскери қызметші Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиялары мен Ливандағы уақытша күштер құрамында қызмет етуде.

Похожие материалы