Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында хабарлады.
Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгенін хабарлаған.
Ведомство мәліметінше, ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі.
VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарының сұранысы жоғары. Олар соңғы бір жылда 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір сатып алған.