Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz - Al Hilal Ислам Банкі Қазақстанда қажылық сапарға және умраға арналған арнайы дебет картасын шығарды.
Бұл карта арқылы қажылық сапарға қаражат жинауға болады және Сауд Арабиясы мен БАӘ аумағында картадан қолма-қол ақша алуға болады.
Банктің хабарлауынша карта шариғат заңдарына жауап береді. Картамен қолма-қолсыз төлем жасағанда қаражаттың жартысы қайырымдылыққа аударылады.
«Бұл картаның басты ерекшелігі – қажылық сапарға қажетті соманы алаңсыз жинауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, клиенттің жинақтық салымдары шариғат заңдарына сәйкес сақталады. Ал Меккеге қажылыққа барғанда қайдан және қалай ақша алу туралы ойланудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, картаны кәдімгі дебет картасы ретінде де қолдануға болады. Өмірдің маңызды сәттерінің бірі – қажылыққа баруға дербес карта қолдану арқылы жақсы дайындалуға болады», – деп түсіндерді Al Hilal Ислам банкінің Басқарма төрағасы Гордон Хаскинс.
Қазақстанда жыл сайын 3 мың адам Меккеге қажылыққа барады. Үлкен қажылықтан бөлек тағы бірнеше мың адам умраға сапар шегеді.
Карта туралы толық ақпаратты банктің филиалдарынан немесе банктің Байланыс орталығынан +7 727 233 00 00 телефоны арқылы біле аласыз, ал мобильді номерден 2330 бойынша мәлімет алуға болады (Қазақстанның барлық өңірлеріне тегін).
Al Hilal банкі туралы
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ – Қазақстан мен ТМД-дағы бірінші ислам банкі, 2010 жылы Қазақстан Республикасы және БАӘ үкіметтерінің өзара келісімі бойынша құрылған. Ол Абу-Даби үкіметінің 100% үлесі бар БАӘ-дегі қарыштап дамып келе жатқан және әлеуетті ислам банкі – Al Hilal Bank PJSC банкінің еншілесі. Al Hilal Bank PJSC банкінің несие рейтингі жоғары: Fitch Ratings бойынша А+ және Moody’s бойынша А2.