Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық Home Credit банкі «сатылатын» болды

Қазақстандық Home Credit банкі «сатылатын» болды

Мәскеу. 17 мамыр. 7kun.kz – PPF Group және Home Credit халықаралық инвестициялық-қаржы тобы Ресейдегі банк активтері мен еншілес компанияларын сататын болды. Бұл туралы чехиялық қаржы тобы мәлімдеме таратты.

Активтерді РТС-тің бұрынғы басшысы Иван Тырышкин бастаған жеке инвесторлар тобы сатып алмақ. Ал ООО «Хоум Кредит энд Финанс Банк» құрамына кіретін қазақстандық Home Credit-ті чехиялық акционерлері мен топ-менеджерлерінің өздері сатып алмақ. Яғни, қазақстандық банк чехиялық қаржы тобының құрамында қалады.

«Транзакция Ресей мен Қазақстандағы Хоум Кредит қызметкерлері мен клиенттері үшін бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін реттелген және құрылымды түрде жүргізіледі», - деп хабарлады қаржы тобы.

Айта кетейік, Тырышкин 2001-2003 жылдары РТС биржасын басқарды. Ол SPB биржасының негізін қалаушылардың бірі және ірі акционерлерінің бірі әрі директорлар кеңесін басқарады.
Ресейлік HCF банкі халықаралық PPF тобына кіретін Home Credit N.V. холдингінің еншілес ұйымы. Оның ең ірі бенефициары чех кәсіпкері Петр Келлнер 2021 жылдың наурызында ұшақ апатынан қайтыс болды.

PPF 2021 жылдың күзінде ресейлік HCF банкін сатуға шығарған еді. Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, бұл активке өтініш бергендер қатарында венгриялық OTP тобы (Ресей OTP банкінің иесі), сондай-ақ AFK Sistema құрылымдары болды. РБК газетінің жазуына қарағанда HCF банкіне үш өтініш беруші болды, олар 2021 жылдың төртінші тоқсанынан бастап несие мекемесіне зерттеу жүргізіп жатыр.

PPF Group 25 елде жұмыс істейді, әртүрлі секторлардағы (соның ішінде қаржылық қызметтер, телекоммуникациялар, БАҚ, биотехнологиялар, жылжымайтын мүлік және инжиниринг) 40,3 миллиард еуро сомасындағы активтерге ие.

Похожие материалы