Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық ипотека нарығы 40%-ға артты

Қазақстандық ипотека нарығы 40%-ға артты

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда бір жыл ішінде ипотекалық несие беру 40% - ға артты.  Өсімге "Нұрлы жер", "7-20-25", "Қолжетімді баспана-2020" секілді мемлекеттік бағдарламалар өз әсерін тигізген.  Бірақ, шетелдік сарапшылардың айтуынша, тұрғын үйді сатып алуды несиелеу нарығы дағдарыстан енді ғана шығып жатыр.

2018 жылдың 9 айында жаңа ипотекалық несие беру 341,2 млрд теңге болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,5% - ға немесе 98,3 млрд теңгеге көп. Бұл қайта қаржыландырылған несиені есептемегендегі нәтиже. Сондай-ақ, банктер  жаңа ипотекалық несиелердің барлығын тек ұлттық валютада берген. "Банктердің экономиканы ипотекалық несиелеу көлемі 2018 жылдың қыркүйек айының соңында 1 204,5 млрд теңгені құрады. Ұлттық валютадағы ипотекалық кредиттердің көлемі жыл басынан бері 12,6% – ға артып, 127,7 млрд теңгеге өсті , ал шетел валютасында 19,3 млрд теңгеге азайды", - деді Ұлттық Банкте. Ұлттық банктің баспасөз қызметі "Къ" сауалына ресми жауапта берілген несиелердің қаншасы мемлекеттік бағдарламаларға, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Баспана" АҚ және коммерциялық банктерге тиесілі екені туралы ақпарат беруге құқығы жоқ екенін түсіндірді. Қазір жұмыс істемейтін қарыздардың бір бөлігі - шетел валютасында берілген ипотекалық несиелер. Биылғы жылы мұндай несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аяқталады. 1 қарашада банктер жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге қайта қаржыландыруға байланысты 4242 өтінімді мақұлдаған. Қазақстандықтар 15 желтоқсанға дейін екінші деңгейлі банктерге несие шарттарын өзгерту талабымен жүгіне алады. 

Похожие материалы