Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz - 13 қыркүйекте "Alatau Film" кинокомпаниясы мен "Kinopark" кинотеатрлар желісі прокатқа бүгін шығатын "Крылья, подаренные матерью" (Ана сыйлаған қанаттар) отандық фильмінің алдын ала жабық көрсетілімін өткізді. Көрсетілім Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті.
2015 жылы құрылған "Alatau Film" кинокомпаниясының қазақстандық киноға қосқан алғашқы үлесі - аналарға арналады. Бүкіл команда дерлік дебютанттар болды. Кинотуынды актер Қажымұқан Калимбетовтың алғашқы режиссерлық жұмысы, әрі ол фильмде эпизодтық рөл ойнайды. Сондай-ақ актерлерді таңдап, әр рөлге бекіткен де режиссердың өзі болды.
[caption id="attachment_76780" align="aligncenter" width="960"] Фото: turan-edu.kz[/caption]Фильм ауылда тұратын өмірге деген көзқарасы, армандары, тағдырлары әр түрлі ағайынды Дамир мен Амир (Санұржан Сүлейменов пен Нышанбек Жұбанаев) және олардың аналарына деген махабаттары туралы баяндайды.
Фильмнің бюджеті - 15 млн теңге (50 мың АҚШ доллары). Бұл бюджетке актерлердің, түсіру тобының гонорарлары, түсірілім орындары мен техниканы жалдау, постпродакшн (монтаж, жарықты түзету жұмыстары, дыбыстық безендіру мен композитордың қызметтері), әкімшілік топтың жалақысы, костюмдер және т.б. кірді. Жалпы команда 35 адамнан тұрды.
Аз бюджетті фильмнің алғашқы сценарий үлгісі 3 рет қайта жазылып, түсіру тек 2016 жылы 19 қаңтарда басталды. Бір айға жоспарланған түсіру жұмыстары шын мәнінде қырық күнде аяқталды. Фильмді түсіру жұмыстары Алматы қаласы мен облысы аумағында өтті. Монтаж жұмыстары 1,5 жылға созылып, "Крылья, подаренные матерью" (Ана сыйлаған қанаттар) фильмі үлкен экранға 14 қыркүйектен бастап шығады.
[caption id="attachment_76782" align="aligncenter" width="788"] Фото: ticketon.kz[/caption]Рөлдерде: Санұржан Сүлейменов, Жәния Қалиева, Гүлнар Ералиева, Нышанбек Жұбанаев, Еркен Губашев Сценарий авторлары: Андрей Ходин және Еркен Губашев Режиссер: Қажымұқан Калимбетов Бас продюсер: Дастан Сеитов MK