Қазақстандық Asadel компаниясы Kursiv.media сайтына Ресейдегі OBI желісін сатып алу жоспары жоқ екенін айтқан.
Өткен аптада БАҚ Ресейдегі OBI гипермаркеттер желісін қазақстандық инвестор - Asadel компаниясы сатып алуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Негізгі ақпаратты «Коммерсант» ресейлік басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Қазіргі уақытта Асадель OBI ресейлік активтерін сатып алуды қарастырмайды», - деп хабарлады Kursiv.media сауалына жауап ретінде.
Сондай-ақ компания кәсіпкерлер Ерлан Сейсембаев пен Ғалымжан Есенов Asadel DIY компаниясының иесі деген ақпаратты жоққа шығарған.
OBI Ресейде 2003 жылдан бері жұмыс істейді, желіде 27 гипермаркет болды. Еске салайық, наурыз айында OBI Украинадағы соғысқа байланысты Ресейде жұмысын тоқтатты.