Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық компаниялар бұлтты технологияларды жиі қолдануға кірісті

Қазақстандық компаниялар бұлтты технологияларды жиі қолдануға кірісті

Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда бұлтты IT қызметтерін пайдаланатын ұйымдардың саны 14 есе өсті.

Статистика комитеті хабарлауынша, 2016 жылы Cloud қызметімен жұмыс істейтін 413 компания болса, 2017 жылы олардың саны 5,9 мың заңды тұлғаға дейін артты.

Бұлтты технологияларға қызығушылықтың ең көп өсуі Алматыда байқалды, онда   2,8 мың компания пайдаланады. Астанада осындай 780 ғана кәсіпорын бар.

2016 жылы Қостанай облысы осы көрсеткіш бойынша көшбасшы болса, қазір ол бесінші орында. Тізімнің соңында тұрған Қарағанды облысы 1 жыл ішінде үшінші орынға көшті.

Қазақстанның батысында қызық жағдай байқалады. Осылайша, Маңғыстау облысында 2016 жылы тек 2 компания бұлтты технологияларды пайдаланды, 2017 жылы жағдай өзгерген жоқ. Атырау облысында осындай компаниялардың саны 8 есеге қысқарды.

Похожие материалы