Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық министр Apple компаниясының бас директорына өтініш білдірді

Қазақстандық министр Apple компаниясының бас директорына өтініш білдірді

Қазақстан. 8 маусым. 7kun.kz – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Twitter-де Apple бас директоры Тим Кукқа үндеу жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министр барлық қазақстандықтардың атынан Apple командасына iOS жүйесіне қазақ тілін және басқа да әртүрлі мүмкіндіктерді, соның ішінде қазақ тілінде автотүзетуді қосқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ол жүйеге кириллицадан латынға автоматты транслитерация қосуды сұрады.

«Apple біздің халқымыздың латын әліпбиіне үйренуіне көмектесу үшін кириллицадан латынға автоматты транслитерацияны қосса, біз өте разы болар едік», – деді министр.

Похожие материалы