Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық отын банкіне уран жеткізу қашан басталады

Қазақстандық отын банкіне уран жеткізу қашан басталады

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандық отын банкіне аз байытылған уранды алғашқы жеткізу 2019 жылдың II жартыжылдығында күтілуде.

Энергетика министрлігінде хабарлағандай, нақты мерзімді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік анықтайды.

«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі тендерге сәйкес, Қазақстанда аз байытылған уран банкі үшін 90 тонна байытылған уран өнімін (аз байытылған уран түрінде) енгізу жоспарлануда. Негізгі шығындарды агенттік көтереді. Қазақстан аз байытылған уранды тікелей сақтауға байланысты шығындар үшін жауап береді», - деп түсіндірді ведомствода.

Министрліктің мәліметінше, агенттікпен 90 тонна аз байытылған уранды жеткізу туралы екі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі тарапынан қосымша келісімшарттар бойынша мәселелер көтерілген жоқ.

2018 жылдың 29 тамызында банк ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрылымның өзі Өскеменде әлемдегі ең ірі уран өндіруші – Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан.

Похожие материалы