Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық паспорттың цифрлық форматы пайда болды

Қазақстандық паспорттың цифрлық форматы пайда болды

Астана. 9 қараша. 7kun.kz – Енді қазақстандықтардың төлқұжаттары eGov мобильді қосымшасында электрон түрде қолжетімді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Цифрлық куәлік өз тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды жөн көрдік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді», - деп жазды министр.

Оның айтуынша, әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, жеке куәлік жоғалғанда немесе жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.

«Бүгінде паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т. б», – деді министр.

Похожие материалы