Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық сарбаздар кредитке «ұшып» жатыр

Қазақстандық сарбаздар кредитке «ұшып» жатыр
Бейбіт күнде сарбаздардың өз-өзіне қол салып өмірмен қош айтысатыны туралы жиі еститін болдық. Соңғы оқиға 31 қаңтар күні болды. Өзін-өзі атудан бұрын, 23 жастағы Асхат туыстарына 2 смс-хабарлама жіберген. Бірінде «Туғандарым менің, мені барлығы үшін кешіріңіздер, ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ,  өзім осылай шешіп, жоспарладым. Мені кешіріңіздер. Анама қарауларыңызды сұраймын. Барлықтарыңызды қатты жақсы көремін» десе, екіншісінде сүйген қызына «Кешір, мен осылай болуын өзім қаладым», деген. Тергеу кіші сержанттың анасының кредитін жауып жүргенін анықтаған. Банктік қарыздың пайызы өскен, депрессия да ұлғайған. Өз-өзіне қол салуға себеп осы болуы мүмкін. Аталған сержант қызмет еткен әскери бөлімде 2015 жылдың соңында  тағы бір келісім-шартпен қызмет етуші өзіне-өзі қол салған еді. Оған да себеп – Евразиялық банк, Home credit банктері мен «Жылдам ақша» шағын несие ұйымынан бірнеше кредит алғаны себеп болған. Деректерге сүйенсек 2008 жылы әскерилер арасында 44, 2014 жылы 27, 2015 жылы 24 суицидке бару  оқиғасы тіркелген. Жалпы бұған дейінгі суицид жасағандардың 27 оқиғасы жарғыға қарсы әрекеттен болса, 70 пайызы кредиттің қиындығынан өмірмен қош айтысады екен. Кредитпен қоса әскерилерге отбасыдағы кикілжіңді қосыңыз. Әдетте әскерилердің жұмысы нормаға сай емес, қызметкерлердің үйіне кеш келуі, отбасы тәрбиесіне араласа алмауы, отбасындағы кикілжіңнің себебіне айналып, ол несие проблемасына қосылып, оның арты өлімге айналады екен. Әскерилердің өлім құшуының басты себебі осы ма? Мұны Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов та түсінгісі келеді екен. radiotochka.kz сайтының жазуынша ол жақында Қарушы күштердің басшылығынан әскери бөлімдердегі өлімді азайтуды талап еткен. «Әскерилер қанша көлемде кредит алған? Әлде оларды біреулер кредит алуға мәжбүрлей ма? Қапшағайдағы десанттық-шабуылдаушы бригаданың келісім-шартпен қызмет етушісі сезіз несие алған. Қымбат телефондар алған. Үйінде жейтін ештеме болмаса қымбат телефондарды неғылады? Егер кезекті суицидтің себебі кредит болса онда мен бұл бөлімнің психологы, командирі, комиандирдің орынбасарын жұмыстан бостауға қол жеткіземін. Гарнизонның әскери прокуроры да жауапкершілікке тартылады. Әскери бөлімдерде не болып жатқанын түсінгім келеді?! Әскери қалашықтарда отбасылық ұрыс пен тұрмыстық жанжал жағдайды ушықтырғаны соншалық, әскерилер бірден асылып немесе атылуға барады». Бас әскери прокурор солай депті. Әскерилер болса жағдайды түзеуге тырысып-ақ жатырмыз дейді. Мысалы: банктердің өкілдері мен әскерилер мен олардың отбасыларының кездесуін ұйымдастырып, кредит туралы, оның құқықтық жағын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қолға алыныпты. Екіншіден бірнеше кредиті бар әскерилер тізімге алынбақ. Әрі суицидтің көпшілігі табельдік қарудан жасалатындықтан тек аса қажет кезде болмаса, қару ұстауды шектемек. Мұның қаншалықты нәтиже беретінін уақыт көрсетеді. Әзірше сарбаздар бейбіт күнде несиеге «ұшып», өлім құшып жатыр. Дерек көзі: radiotochka.kz

Похожие материалы