Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық танктерге жаңаның орнына ескі қозғалтқыштар орнатылған

Қазақстандық танктерге жаңаның орнына ескі қозғалтқыштар орнатылған

Нұр-Сұлтан. 19 мамыр. 7kun.kz – Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚМА хабарлауынша, ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ, танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған.

Тергеу барысында зауыттың бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған.

Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Похожие материалы