Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандық тез дайындалатын кеспе өндірушісі Беларусь, Украина және Моңғолияға өз өнімдерін жеткізеді, - деп хабарлайды «KazakhExport» ЭСК» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияда хабарлағандай, «Аманат сауда үйі» 2005 жылдан бастап тез дайындалатын кеспе шығарады. Өндіруші Ресейге, Арменияға, Грузияға, Тәжікстанға және Қырғызстанға ұн мен макарон жеткізеді. Енді тез дайындалатын кеспе де экспорттауға ниетті.
Өндіруші KazakhExport-та 1,5 млн рубльге (8,5 млн теңге) сақтандырылған. 2019 жылдың қаңтар айының соңында жылдам кеспе кесектердің бірінші партиясы Ресейге экспортталды. Жақын арада кәсіпорын Беларусь, Украина және Моңғолияға жеткізуді жоспарлап отыр.