Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық университеттерде оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Қазақстандық университеттерде оқу ақысы қымбаттауы мүмкін

Астана. 6 қаңтар. 7kun.kz – 2025 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін. Оған себеп жоғары инфляция. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

«Университеттерден жыл сайын оқу құнын көтермеуін сұраймыз, бірақ нарықтағы бағаның, инфляцияның өзгеруіне байланысты ол да өзгеріске ұшырайды. ЖОО-ның академиялық және басқарушылық еркіндігі бар, олардың өздері белгілі бір шешімдер қабылдауға құқылы», – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, оқу құнын жоғары оқу орындарының өзі анықтай алады. Ол аймаққа, олардағы шығындарға байланысты өзгеруі мүмкін.

Вице-министр қазір Қазақстанда 600 мыңға жуық студент жоғары білім алып жатқанын атап өтті.

Похожие материалы