Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 250 келі алтын сатып алған

Қазақстандықтар 250 келі алтын сатып алған

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандықтар 20 ай ішінде банктерден 247 келі алтын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың 31 мамырынан 2019 жылдың 25 қаңтарына дейін жалпы салмағы 246,8 келі 6488 құйма өткізілді. Олардың ішіндегі ең көп үлес банктерге тиесілі, олар жалпы салмағы 237 келі 6164 құйманы сатқан.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 30 қарашасынан бастап айырбастау пункттері де шағын алтын құймаларын сатуға мүмкіндік алды. Реттеушінің соңғы деректеріне сәйкес, екі айда олар халыққа жалпы салмағы 4895 грамм болатын 140 құйманы халыққа сатты.

Похожие материалы