Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылы елімізде көлік өндірісі 2017 жылмен салыстырғанда 17,2%-ға артты. Бұл туралы бүгін Үкіметте Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев айтты, деп хабарлайды 24.kz.
Оның айтуынша, жақында көлік өндірісі көлемі 1 триллион теңгеден асады. Ал, жалпы өндеу өнеркәсібіндегі бұл сектордың үлесі 14,5%-ға жетіп отыр.
Біздің машина жасау саласында жасайтын жұмыс жеткілікті. саланың өнімдері өз мемлекетімізге керекті құрал-жабдықтардың 25%-ын ғана қамтамасыз етеді. 75%-ы импорттан келеді. Ресей, Қытай, ар жақта жатқан мемлекеттер бар. Алдымызға қойып отырған мақсатымыз – 2019- 2030 жылдарға арналған машина жасау саласын дамыту жоспары, осының бағыты өзіміздің ішкі өндірісті бірнеше рет көтеріп, ұлғайту, - деді Мейрам Пішембаев.
Жұртты отандық автокөлікке отырғызу мақсатында елде автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылғаны мәлім. Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда халыққа сомасы 61 миллиард теңгені құрайтын несие берілді. Бюджеттен бөлінетін бүкіл қаражат еселеп қайтарылады.
Айта кеткен жөн, бұл саланы дамытуға 110 миллиард теңге құйылды.