Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар ақшаны халықаралық жүйе карталарымен көбірек алады

Қазақстандықтар ақшаны халықаралық жүйе карталарымен көбірек алады

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Қазақстандық эмитенттердің карталары бойынша қолма-қол ақша беру көлемі 2019 жылдың бес айында 6,2 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 24,6%-ға көп, деп хабарлайды Finprom.

Халықаралық жүйелердің карталарына қолма-қол ақшаны беру 99,99%-ды құрайды. Отандық жүйелердің карталарынан тек 659,3 млн теңге алынды .

Қолма-қол ақшаны алудың 96%-ы Visa және MasterCard халықаралық жүйелеріне тиесілі. Visa International-дан 3,3 трлн теңге (жылдық өсім - 0,4%), MasterCard Worldwide-тен – 2,7 трлн теңге қолма-қол ақша алынды. Бұл ретте MasterCard Worldwide-тің бір жылдық өсімі 77,9%-ды құрады.

Банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алу көлемі жоғары - 5,1 трлн теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға артық. POS-терминалдарға тек 1 трлн теңге ғана келеді.

Похожие материалы