Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар баспана сатып алу үшін көп қарыз ала бастады

Қазақстандықтар баспана сатып алу үшін көп қарыз ала бастады

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін банктерден 1,54 трлн теңге қарыз алды. Мұндай мәліметтерді Ұлттық банк 2019 жылдың 1 тамызында ұсынды.

1 қаңтармен салыстырғанда ипотекалық несиелер беру 15,4%-ға немесе 234 млрд теңгеге өсті. Ұлттық валютадағы несиелер 1,5 трлн теңгені (жыл басынан + 25%), шетелдік валютада – 31,4 млн теңгені (-30,1%) құрады.

Тұрғын үй несиелерінің басым бөлігін шілде айында Нұр-Сұлтан тұрғындары алды – 21,6 млрд теңге (қаңтардағыдан 91%-ға артық). Одан кейінгі орында 16,3 млрд теңге (+48%) берілген Алматы қаласы тұр.

Алайда, басқа өңірлерде тұрғын үй сатып алуға арналған кредит көлемі көрсетілген қалаларға қарағанда әлдеқайда төмен. Мәселен, ағымдағы жылдың шілде айында банктер Шығыс Қазақстан облысында – 5,1 млрд теңге (+147,6%), Қарағанды облысында – 4,65 млрд теңге (+188,8%) және Ақтөбе облысында – 4,32 млрд теңге (+61,2%) ипотекалық несие берді.

Ең азы – Түркістан облысында тұрғын үй алуға берілген несиелер – 2,2 млн теңге.

Похожие материалы