Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар бір айда қанша доллар сатып алды?

Қазақстандықтар бір айда қанша доллар сатып алды?

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 373,66-381,38 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы қаңтардың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,1%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 380,06  теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі  хабарлады.

KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,3 млрд АҚШ доллары (бір айда 5,3%-ке ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,0 млрд АҚШ доллары (28,1%-ке азаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,3 млрд АҚШ доллары (15,9%-ке ұлғаю) болды.  Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 15,0%-ке ұлғайып, 7,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың  жалпы көлемінен үлесі 69,6%-ті құрады (2018 жылғы желтоқсанда 70,1%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2019 жылғы қаңтарда халық нетто-негізде 142,8 млрд  теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын  – 66,4% немесе 94,8 млрд теңге, Ресей рублін – 22,8% немесе 32,5 млрд теңге, еуро – 10,4% немесе 14,9 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 36,1%-ке азайды (2018 жылғы тамыздың  ең  жоғары  мәнімен салыстырғанда – төмендеу  2,4 есе), бұл халықтың шетел валютасына деген маусымдық сұранысының азаюына байланысты болды. Валюта түрлеріне бөлгенде Ресей рублін сатып алуға шығыстар – 53,2%-ке, еуро – 39,4%-ке, АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 26,4%-ке азайды.

Похожие материалы