Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасымен 27 мемлекетте тегін оқи алады

Қазақстан. 5 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің 27 елінде білім ала алады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі тағы 4 жаңа елмен толықты. Атап айтқанда, Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді.

Қазақстандықтар келесі мемлекеттерде «Болашақ» бағдарламасымен тегін оқи алады: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Дания, Израиль, Ирландия, Испания, Италия, Канада, ҚХР, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ресей, С ингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония.

Болашақ — ҚР Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.

Похожие материалы