Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар долларға 1 трлн астам теңгені жұмсаған

Қазақстандықтар долларға 1 трлн астам теңгені жұмсаған

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - Айырбастау пунктерінің 2019 жылғы қаңтар-тамызда АҚШ долларын таза сату көлемі 1,3 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,3%-ға немесе 482,6 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Ranking.kz.

Тамыз айында айырбастау пункттерінің АҚШ долларын нетто-сату көлемі 196,4 млрд теңгені құрады — өткен айға қарағанда 33,5%-ға артық, ал 2018 жылдың тамызымен салыстырғанда 19,7%-ға аз. Осы жылдың ең жоғары нәтижесі маусым айында тіркелді, таза сату 384,2 млрд теңгеге жетті. Өткен жылы ең үлкен көлем тамыз айында болды - 244,6 млрд теңге.

ҚР өңірлерінің арасында 2019 жылғы тамызда нетто-сатудың ең үлкен көлемі Алматыда байқалды: 76,9 млрд теңге — шілдеге қарағанда 83,6%-ға көп, алайда өткен жылдың тамызына қарағанда 10,8%-ға аз.

Екінші орында - Шымкент: 38,3 млрд теңге — 2018 жылдың тамызына қарағанда 15,1%-ға артық; бір айдағы өсім - 38,1%.

Көшбасшылар үштігін Атырау облысы түйіндейді: 12,8 млрд теңге — шілде айына қарағанда 15,4%-ға кем және 2018 жылдың тамыз айына қарағанда 23,2%-ға көп.

Похожие материалы