Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар картамен төлем жасауды көбейтті

Қазақстандықтар картамен төлем жасауды көбейтті

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылы төлем картасымен жасалған сауда-саттық көлемі 6,2 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдан 25,4%-ға жоғары, деп хабарлайды abctv.kz.

6,2 трлн теңгенің 5,2 трлн теңгесі, яғни 84,8%-ы банкомат арқылы алынған қолма-қол ақша болса, 9,8%-ы POS-терминалмен жүрген қаражат. Соңғысымен бір жылда 932,9 млрд теңгеге шешілген.

Дегенмен,  терминал арқылы жасалған транзакция биыл 14,7%-ға азайып, 7,1 млн теңгені көрсеткен. Нәтижесінде, банкоматтан алынған қаржының жалпы өсімі 29% болса, транзакция 17%-ға теңесіпті.

Сондай-ақ, өзге картадан жіберілген ақшаны банкоматтан шешу операциясы 14,4%-ға артып, 129,4 млн теңгені құраған.

Төлем картасын жиі қолданатын аймақтар рейтингісінде Алматы, Түркістан және Қызылода облыстары алда тұр. Ал банкомат қатары елде биыл 2 мыңға артып, 9,9 мың бірлікке жеткен.

Похожие материалы