Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Жылыту маусымының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 2018-2019 жылдары коммуналдық қызметтер үшін қарызы 10 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
«Елде коммуналдық қызметтер үшін берешек 10 млрд теңгені құрайды, оның жартысынан көбі жылумен жабдықтауға арналған», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, энергия кәсіпорындары арасында газ үшін тұрақты қарыз бар. Жалпы, энергия өндіруші компаниялардың «Қаз ТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы қарызы мамыр айының бірінші онкүндігінде 5,8 млрд теңгені құрады.
Энергетика министрлігінің өкілі жылу беру кезеңінде электр станцияларындағы электр генерациясының толық төмендеуінің 13 жағдайы болғанын атап өтті.
«Бұл өткен жылғы деңгейден екі есе аз. Тәртіп бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылды. Электр станцияларының жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 60 оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейінен беске аз», - деді Сұңғат Есімханов.
Айта кетейік, биылғы жылы 11 энергоблокты, 63 қазандықты, 46 турбинаны және 561 қазандықты жөндеу жоспарланған. Энергия кәсіпорындары ұзындығы 25 426 км электр жеткізу желілерін және 4 776 қосалқы станцияны жөндейді.