Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан компьютерлік және бейне ойындардан түсетін табыстар бойынша елдер рейтингінде екі позицияға көтерілді.
Newzoo's Global Games Market Report-ке сәйкес, Қазақстан ойын индустриясы саласында 44-ші орында. Агенттіктің мәліметінше, 2018 жылдың қазанына қарай компьютерлік ойындардан түскен табыс 183 млн долларды құрады.
Сонымен қатар, 1,6 млрд АҚШ доллар табыс тапқан Ресей рейтингте 11-орынды, Украина 161 млн АҚШ долларымен 49-орынды , Әзірбайжан 91 млн АҚШ долларымен 64-ші орынды иеленді. Ал, Беларуссияда ойын индустриясының кірісі 89 млн (65 орын).
Айта кетейік, Қазақстан Румыния (43 орын, $188 млн) мен Нигерия (45 орын, $180 млн) арасындағы рейтингте қалып отыр.
Рейтинг көшбасшылары Қытай – $34,4 млрд, АҚШ – $31,5 млрд, Жапония – $17,7 млрд болды.
Рейтингте әр елдегі тұтыну шығындары ескеріледі және құмар ойындар қызметтерін жоққа шығарады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан бұл рейтингте 46-орында болған.