Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарынан 258 млрд теңге қарыз алды

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарынан 258 млрд теңге қарыз алды

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы екінші тоқсанының аяғында Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) жиынтық активтері 302,6 млрд теңгені құрады. Бірінші тоқсанға қатысты активтер 29,3 млрд теңгеге (10,7%) өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.

Осындай ұйымдар берген микрокредиттерге осы кезеңде МҚҰ жиынтық активтерінің 85%-дан астамы келді. Яғни, нақты 258 млрд теңге берілді. 2019 жылдың екінші тоқсанының соңына қарай олардың үлес салмағы жылына 84,6%-дан 85,3%-ға дейін өсті.

Тіркелген 167 МҚҰ-ның Топ-20-на активтердің барлық көлемінің 91,6%-ы немесе 277,3 млрд теңгесі келеді. Елдің Топ-20 МҚҰ активтерінің жиынтық көлемі тоқсан ішінде 28,4 млрд теңгеге ұлғайды, өзге МҚҰ 0,9 млрд теңгеге ғана өсті.

Похожие материалы