Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар Наурыз мерекесі қарсаңында AliExpress-тен не сатып алады?

Қазақстандықтар Наурыз мерекесі қарсаңында AliExpress-тен не сатып алады?

Наурыз – Қазақстандағы ең сүйікті және қастерлі мерекелердің бірі. Ежелден бері дәстүрлі Күн мен түн теңесу мерзіміне туысқандар мен жақын адамдарға қонаққа барып, мол дастархан басында жиналу және үйді жинап-тазалау дәстүрі бар. Бұл дәстүрлер Қазақстандықтардың сатып алуларына қалай әсер еткені туралы AliExpress-те айтып берді.

Үйді жаңартып, сәндеу

Мерекеге дайындалу барысында Қазақстан тұрғындары үй жайлылығын жасауға ерекше назар аударды. Атап айтқанда,, ақпан айында жарықтандыру құрылғыларының сатылымы 5 есе өсті, оның ішінде баспалдақтарды, ас үйдегі немесе қонақ бөлмесіндегі жұмыс аймақтарын, үстел мен еден шамдарын жарықтандыруға арналған жарықдиодты жолақтарға сұраныс болды, үстел және еден шамдары жақсы сатылды. Люстра сатылымы 1,4 есе өсті. Өткен жылмен салыстырғанда қабырға гобелендерін сату 4 есе өсті, жатын бөлмелері мен қонақ бөлмелеріне арналған кілемшелер 2 есе, қонақ бөлмелеріне арналған үлкен кілемдер 1,3 есе жиі сатып ала бастады. Үйге арналған хош иісті диффузорларын, сондай-ақ вазалар мен түрлі мүсіншелердің сатылымы 1,6 есе өсті. Кептірілген гүлдер, жасанды жасыл өсімдіктерден жасалан гирляндалар, мүктен жасалған паннолар, сондай-ақ, өсімдіктерге арналған стеллаждар мен сөрелер сияқты үй мен бақшаға арналған әшекейлер 1,8 есе көп сатып ала бастады.

Үйді тазарту және жинау

 Үйлерде тәртіп орнату дәстүрін қолдай отырып, мереке қарсаңында қазақстандықтар кеңістікті ұйымдастыру және заттарды сақтау үшін тауарларды белсенді сатып ала бастады. Олардың сатылымы 1,5 есе өсті, ал жоғары сұраныстағы сатып алулар органайзерлер, киім сақтауға арналған бокстар, үлкен заттарды сақтауға арналған вакуумдық пакеттер мен қаптамалар болды. Киімге арналған түрлі ілгіштер, ілмектер мен ұстағыштарға  сұраныс 1,3 есе артты. 

Балаларға үйді жинап тұруды үйрету жаңа трендке айналды – үй жинау құралдарына, ұқсас ойыншықтарды сату ақпан айында былтырғы жылмен салыстырғанда 10 есе артты.

Сыйлықтар

Наурыз мерекесі сыйлық жасауға неғұрлым жомарт болса, жыл соғұрлым берекелі болады дейді. Мереке жасампаздық пен еңбекқорлықтың символы екенін ескере отырып, өз қолыңызбен жасалған сыйлықтар ең құнды болып саналады.

Мәселен, ағаш кесу құралдар мен ағаш бұйымдарға өрнек салу саймандары 5,5 есе жиі сатылса, оюлы әсем ашықхаттарды жасауға арналған тауарлар – 3,2, эпоксидті шайырдан түрлі бұйымдар мен әшекейлерді жасауға арналған тауарларға сұраныс 2 есе артты, ал шамдарды жасауға арналған жиынтықтар 1,6 есе жиі сатылды.

Қонақтарды қарсы алу және мерекелік дастархан әзірлеу 

Наурыз қонақтарсыз өтпейді. Ас үйде және асханада кеңістік ұйымдастыру үшін қазақстандықтар маркетплейсте ас үй мен барға арналған орындықтарға тапсырыс берді, олардың сатылымы 3,5 есе өсті. Бақшаға арналған шағын үстелдер мен верандалар 2,5 есе жиі сатыла бастады.

Үстелді жабдықтау үшін қазақстандық тұтынушылар дастархан мен сервирлік майлықтарға тапсырыс берді, олардың сатылымы 2,3 есе өсті. Тойбастарды безендіруге арналған бонбоньеркалар сатылымы 1,8 есе өсті. 

Демалыс уақыты

Наурыздың тағы бір дәстүрі – бірлескен демалыс. Қазақтың дәстүрлі ойындарының көпшілігі физикалық белсенділікпен байланысты және ашық кеңістікті қажет ететініне қарамастан, үйде ойнауға болатын үстел ойындары да мереке қарсаңында сұраныста болды. Яғни, үстел ойындарының сатылымы ақпан айында 3 есе өсті, ал ең танымал домино, Uno карта ойыны, жылдам дойбы және пазл ойындары болды. 

Наурыз-мереке дәстүріндегі ең бай мейрамдардың бірі. Олардың көбі қазіргі заман жағдайын ескере отырып өзгеретініне қарамастан, қазақстандықтар оларды ұқыпты сақтайды және өз өмір салтына бейімдейді. 

Похожие материалы