Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар наурызда Hyundai Sonata көлігін көп сатып алған

Қазақстандықтар наурызда Hyundai Sonata көлігін көп сатып алған

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, өткен айда республикада 10753 дана жаңа автокөлік сатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл 2021 жылдың наурыз айындағы деңгейден төрттен астамға жоғары көрсеткіш. Бұл ретте, 2019 жылдың бастап транзакциялар көлемі тек бір рет қана жоғары болды – 2021 жылғы маусымда 12 мыңнан астам дана автокөлік сатылды.

Дегенмен, наурыздағы жақсы нәтижелерге қарамастан, 2022 жылы сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен. АКАБ деректері бойынша, I тоқсан үшін 22 419 дана, ал 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 24 196 дана сатылды. Бұған қаңтардағы сатудың төмен көрсеткіштері (4 мың бірліктен аз) әсер етті.

Бірақ қауымдастықтың есептеуінше, болашақта сатылым өседі. Негізгі алғышарттар – отандық өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа брендтердің нарыққа шығуы, импорттаушылар ұсынатын қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ жеңілдетілген несие берудің отандық бағдарламасы.

Сондай-ақ, kolesa.kz дерегінше, наурызда қазақстандықтар арасында ең көп сатылымға ие – Hyundai автокөліктері, бір айда 3232 автокөлік сатылған. Бұл барлық сатылым көлемінің 30%-ын құрайды. Ал қаңтар мен ақпан айларында осы марканың жалпы сатылымы 3,6 мың данадан астам көрсеткішті құрады.

Одан кейінгі орындарда Chevrolet (1728 көлік сатылған), Kia (1269 көлік) және Lada (1243 көлік) тұр.

"Наурызда ең көп сатылған көлік бюджеттік Cobalt немесе Hyundai Accent емес,  Hyundai Sonata d класты седаны болды. Осылайша, "Соната" ресми сатылым тарихында алғаш рет көш бастады. Бір ай ішінде азаматтар 1085 дана көлік, ал бір ай бұрын тек 436 көлік сатып алған. Сонатаның осындай жоғары көрсеткішке ие болуы көктемнің басындағы Toyota Camry тапшылығымен байланысты болды. Жапондық седан автокөлігінің Санкт-Петербургтегі зауытындағы проблемаларға байланысты ол тіпті топ-10-да да жоқ".

Похожие материалы