Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар неден қорқады?

Қазақстандықтар неден қорқады?

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — Әрбір екінші сұрау салынған қазақстандық жақын адамдарынан айырылудан көбірек қорқатынын мойындады. Туған-туысқандарының аурулары мен өз денсаулығының нашарлауы туралы ойлар респонденттердің үштен бір бөлігіне қорқыныш туғызады - 37%. Бұл туралы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясының зерттеуінде көрсетілген.

Алматы және Нұр-Сұлтан тұрғындарының фобиясы арасында көпшілік алдында сөйлеуден қорқатындардың саны басым болды, респонденттердің кейбірі жол қиылыстарынан өтуден қорқады, кейбіреулері келеңсіз жағдайға түсіп, дәрменсіз болып қалудан қорқады.

  • Екі мегаполис тұрғындарының 34%-ы денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты жұмысқа қабілеттілігінен айырылып, өз мүмкіндіктерінде шектеулі болудан қорқады;
  • Респонденттердің 32%-ы азық-түлікке, 31%-ы отынға баға өсуінен қауіптенеді;
  • Сауалнамаға қатысқандардың 23%-ы жұмыстан айрылу немесе жалақының төмендеуі мүмкін деп қауіптенеді. Мұндай тәуекелдер ең көп 45 және одан жоғары жастағы азаматтарды, ең аз дәрежеде – 34 жасқа дейінгі жастарды алаңдатады;
  • 15%-ы жалақы мен қолда бар табыстың қысқаруынан қорқады;
  • 12%-ы балаларына сапалы білім бере алмайтындығына алаңдайды;
  • Респонденттердің 11%-ы қылмыс пен көшедегі жол апаттарының көбеюінен қорқады;
  • 41%-ы жеке меншігінен айырылу қорқады, олардың 21%-ы ұрлық, 9%-ы өрт салдарынан;
  • Респонденттердің 29,4% - ы табиғи апаттардан қорқады;

Бұл ретте, Алматы тұрғындарының 19%-ы қалада жойқын жер сілкінісінен қорқатынын айтты.

«Зерттеу көрсеткендей, Алматы және Нұр-Сұлтан тұрғындарының абсолютті санындағы қорқыныш көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Олардың ең бастысы - балалардың және жақындарының өмірі мен денсаулығына деген қорқыныш. Әрине, өзіңізді қандай да бір жағымсыз оқиғадан қорғау мүмкін емес, дегенмен сақтандыру полисі бар болған жағдайда сіз қаржылық қолдау ала аласыз және сапалы медициналық күтімді қамтамасыз ете аласыз", – дейді "Лондон-Алматы" СК Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Шардарабеков.

Сонымен қатар, респонденттердің тек 10%-ы өздерінің өлімінен, 9%-ы - жалғыздықтан, 8%-ы – өзін және өз қабілетін іске асыра алмауынан, 7%-ы - көпшілік алдында мазақ болудан немес қорланудан, 6,7%-ы - физикалық зорлық-зомбылықтан қорқады. Елорда тұрғындарының 5%-ы лифт құлаған кезде зардап шегуден қорқады. Респонденттердің 3%-ын соңы өлімге апаратын аурулар алаңдатады.

Айта кетейік, компания зерттеуді терең сұхбаттасу әдісімен жүргізген. Оған республиканың оңтүстік және солтүстік астаналарының 18-ден 65 жасқа дейінгі 900-ден астам тұрғыны қатысты. Сауалнамаға қатысушылардың 55%-ы - ер адамдар, 45%-ы - әйелдер. Сауалнамаға қатысушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылды: сіз неден қорқасыз? сіздің қорқынышыңыз немен байланысты? сізді не қорқытты? Сондай-ақ, респонденттер он баллдық шкала бойынша қорқыныш дәрежесін бағалады.

Похожие материалы