Қазақстандықтар онлайн-тәсілмен тауар сатып алуға тоғыз айда 3,8 млрд теңге жұмсады
Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты.
Астана. 19 желтоқсан. 7kun.kz – 2022 жылдың тоғыз айында онлайн-тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ке артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар интернет арқылы негізінен жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады. Онлайн саудада ең көп сатылатын – киім мен спорттық тауарлар – 63,6%, ал екінші орында – азық-түлік өнімдері – 48,4%. Сонымен қатар дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада өтімді.
Өткен жылы 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті. Биыл қарашаның «жасыл жұмасын» және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артады деп болжануда.