Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — "Яндекс.Такси" сервисі ел азаматтары Алматыдағы және Нұр-Сұлтандағы дәмханалар мен мейрамханалардан қандай тағамдарға тапсырыс беретіннін, сондай-ақ клиентке тапсырыс қаншалықты тез жеткізілетінін анықтады.
Тамақты жеткізу қызметі қосымшада осы жылы пайда болды: тамыз айында - Алматыда және қыркүйекте - Нұр-Сұлтанда.
Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың бургерге жиі тапсырыс беретіні анықталды. Екінші орында — қуырылған картоп, ал үшінші орында - пицца. Бургерлер арасында ең танымалы сиыр еті қосылған екі қабатты чизбургер болды, ал пиццалар ішінде "Пепперони" "Маргаритаға" қарағанда үлкен сұранысқа ие, сондай-ақ фри картопқа тапсырыс берушілердің саны көп.
Компанияда бургерлерге тапсырыстар санының өсуі Яндекс.Такси қосымшасы арқылы жеткізумен байланысты екенін атап өтті. Такси енді Алматыдағы барлық McDonald ' s мейрамханаларында қол жетімді.
Бұл ретте ұлттық тағамдарға сұраныстың аз екені байқалды.
Айта кетейік, сервистің дамыған алгоритмдерінің арқасында тағамдарды жеткізу жылдам — Қазақстан үшін орташа уақыт 30 минутты құрайды.