Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлегенді жөн көреді

Қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлегенді жөн көреді

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — ҚР аумағындағы қазақстандық және шетелдік эмитенттердің төлем карталары бойынша айналым 2019 жылдың желтоқсанында 3,5 трлн теңгені құрады — қараша айына қарағанда 20,3%-ға артық. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

Бұл ретте төртінші ай қатарынан көлемнің жартысынан көбі қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесіне тиесілі болды, сондай-ақ үлесін арттырып келеді, 2019 жылдың желтоқсан айында 55,2% немесе 1,9 трлн теңгені құрады.

Жалпы 2019 жылы ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 13,3 трлн теңгеге жетті, бір жыл ішінде 2,4 есеге өсті. Айналым үлесі 29,2%-дан 45,5%-ға дейін ұлғайды.

Осы кезеңде төлем карталарын пайдалана отырып, ҚР аумағында берілген қолма-қол ақша көлемі бір жыл ішінде тек 20%-ға өсіп, 15,9 трлн теңгені құрады.

2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің барлық көлемінен 10 трлн теңгеге жуық қаражат интернет пен ұялы телефондардан түсті — 2018 жылға қарағанда 3,4 есе артық. Сегменттің үлесі 52,1%-дан 72,6%-ға дейін өсті.

POS-терминалдарға барлық көлемнің 26%-ы тиесілі, бұл 3,5 трлн теңгені құрайды — 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 47,4% артық. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың басқа құралдары - банкоматтар, банк дүңгіршектері және басқалары - бар болғаны 1,5%-ды құрайды, көлемі 29,7% төмендеп, 195,2 млрд теңгеге жетті.

ҚР өңірлері арасында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің төлем карталарын пайдалана отырып, ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі Ақмола облысында ғана қысқарды: 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 10,4% - ға, 132,6 млрд теңгеге дейін.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің жылдық өсуі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр: 5,2 есе, 159,1 млрд теңгеге дейін. Одан кейін Жамбыл (4,5 есе) және Алматы (3,8 есе) облыстары орналасқан.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің жартысынан астамы Алматының үлесінде: 7,3 трлн теңге, жыл ішінде 2,1 есе өсті. Көшбасшылардың арасында Нұр-Сұлтан да бар: 1,7 трлн теңге, өсім 3,6 есе.

Похожие материалы