Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар құмар ойындарға 3 млрд теңге жұмсады

Қазақстандықтар құмар ойындарға 3 млрд теңге жұмсады

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың I тоқсанында құмар ойындарды ұйымдастырумен және бәс тігумен айналысатын компаниялар 3,1 млрд теңге табыс тапты.

2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5,4 млрд теңге) түсім 42,5%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, I тоқсанда ойын бизнесіне төленген салық 4,6 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде ол 5,5 млрд теңгеден 16,4%-ға төмендеді.

Алматы облысының компаниялары шамамен 2,1 млрд теңге, Алматы қаласының компаниялары – 1,2 млрд теңге, Ақмола облысының компаниялары – 445,6 млн теңге төледі.

Похожие материалы