Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату көлемі 1,42 трлн теңгені құрады.
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, маусым айында ең көп доллар – 384,2 млрд теңгеге, еуро 41,1 млрд теңгеге және рубль 65,2 млрд теңгеге сатып алынған. Ал, Қытай валютасын қаңтар айында 145,7 млн теңгеге жиі сатып алған.
Жалпы, алты айдың ішінде АҚШ валютасын сатып алуға қазақстандықтар 939 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Көбінесі долларды алматылықтар сатып алған. Бұл қалада айырбастау пункттері долларларды 329 миллиард теңгеге сатты. Сатып алу көлемі бойынша екінші орында Шымкент – 121,5 млрд теңге. Үшінші орында – Нұрсұлтан-91 млрд теңгеден астам.
Долларға ең аз сұраныс Алматы облысында – 11 млрд теңге және Түркістан облысында – 7,2 млрд теңге болды.
Осы кезеңде еуро 178 млрд теңгеге сатып алынды. Осы валютаны сатып алу бойынша жетекші орын Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі. Олар 89,1 млрд теңгеге еуро сатып алды. Одан кейін Нұр-Сұлтан – 21,7 млрд теңге және Қарағанды облысы – 12,1 млрд теңге.
Қаңтар-маусымда Қазақстанда Ресей валютасын 307,6 млрд теңгеге сатып алған. Ол Шығыс Қазақстан облысында ең көп сұранысқа ие болды, онда айырбастау пункттері оны 49,6 млрд теңгеге сатқан. Сондай – ақ, оны Қостанай облысында 34,7 млрд теңгеге белсенді сатып алған. Сату көлемі бойынша Қарағанды облысы артта қалды, онда рубльге шамамен 32 млрд теңге жұмсалған.
Қытай валютасына келетін болсақ, Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша жарты жыл ішінде оны сатып алуға 341,5 млн теңге жұмсалған. Оны Алматыда 231,2 млн теңгеге белсенді сатып алған. Юанға деген аз қызығушылық Атырау облысында байқалды – 200 мың теңге.