Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар рубльді аз сатып ала бастады

Қазақстандықтар рубльді аз сатып ала бастады

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Ресей рублін нетто-сату ("таза" сату, яғни валютаны сату минус сатып алу) 242,5 млрд теңгені құрады – 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,3%–ға кем. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Ресей рублінің "таза" сату көлемі 59 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш сәуір айына қарағанда 12,9%-ға артық, бірақ 2018 жылдың мамырымен салыстырғанда 4,4%-ға кем.

ҚР өңірлері арасында рубльдің нетто-сатылым көлемі бойынша Ресей Федерациясымен шекаралас облыстар дәстүрлі түрде көш бастап келеді. Бірінші орында - ШҚО: 37,8 млрд теңге - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық. Бұдан кейінгі орынды Қостанай облысы иеленеді: 26,8 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға кем. Павлодар облысы көшбасшылардың үштігін қорытындылайды: 26,3 млрд теңге, өсім - 3,4%.

Нетто-сатудың ең төмен көлемі — ҚР оңтүстігінде: Шымкентте (3,5 млрд теңге), Алматы (2,1 млрд теңге) және Жамбыл (1,5 млрд теңге) облыстарында тіркелді. Бұдан басқа, екі өңірде нетто-сатудың теріс көлемі байқалады: Түркістан (-1,2 млрд теңге) және Қызылорда (-1,3 млрд теңге) облыстарында.

Рубльдің ресми айырбас бағамы 2018 жылдың мамыр айына орташа 1 RUB - 5,86 теңгені құрады — сәуір айына қарағанда 0,2%-ға аз (5,87 теңге), бірақ 2018 жылдың мамыр айына қарағанда 11,2%-ға көп (5,27 теңге).

Похожие материалы