Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Қазақстаннан ақша аударымдарының үштен екі бөлігі Ресейге, Өзбекстан мен Түркияға жіберіледі, деп хабарлайды ranking.kz.
2019 жылдың қаңтар–сәуір айларында ҚР-нан шетелдерге ақша аударымдары 172,8 млрд теңгені құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға артық. Бұл ретте транзакциялар саны 1%-ға, 775,8 мыңға дейін қысқарды.
Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Ресейге ең көп ақша жіберілді: 65,1 млрд теңге, бұл өткен жылға қарағанда 6,4%-ға аз.
Екінші орында Өзбекстан: 26,5 млрд теңге (жылына+36,2%). Үшінші орынға Түркия орналасты - 25,8 млрд тг (+41,2%).
Ақша аударымдары жүйесінің арасында 123,5 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 71,5%-ы "Золотая Корона" арқылы аударылды. Жылдық өсім 33%-ды құрады. Екінші және үшінші орынға - Western Union (22 млрд теңге) және "Юнистрим" (8,2 млрд теңге) ие болды.