Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар шетелге 55 млрд теңге жіберді

Қазақстандықтар шетелге 55 млрд теңге жіберді

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — 2019 жылғы мамырда ҚР-дан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 54,8 млрд теңгені құрады. Бұл сәуір айына қарағанда 5,3%-ға, 2018 мамыр айына қарағанда 3,6%-ға көп, деп хабарлайды Ranking.kz.

Ағымдағы жылдың 5 айында ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 227,6 млрд теңге жөнелтілді - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артық.

Ең көп ақша Ресейге жіберілді: 82 млрд теңге - 2018 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз. Елдің үлесі 42,2%-дан 36%-ға дейін төмендеді. Екінші орында 40,3 млрд теңге аударылған Өзбекстан, бір жыл ішінде 28,9%-ға өсті. Түркия көшбасшылар үштігін жабады: 33,4 млрд теңге, бір жылда өсім — 36,6%.

Шетелге ақша жіберілген ақша аударымдарының жүйесі арасында "Золотая Корона" көш бастап келеді: 162,7 млрд теңге немесе барлық көлемнің 71,5%-ы, жыл ішіндегі өсім - 28,3%. Екінші және үшінші орындарда - Western Union (жылына 28,8 млрд теңге, -11,6%) және "Юнистрим" (жылына 10,1 млрд теңге, -45,4%).

Похожие материалы