
Қазақстан. 10 маусым. 7kun.kz – Шілде айында Қазақстанда елорда күні мен Құрбан айт мерекесі тойланады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шілде айында қазақстандықтарда 20 жұмыс және 11 демалыс күні болады.
6 шілде – елорда күні. Мереке сәрсенбіге келеді.
2022 жылы Құрбан айттың бірінші күні 9 шілдеге, сенбіге сәйкес келеді. Мереке сенбі күнмен тұспа-тұс келгенмен, басқа күнге ауыстырылмайды.
