Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар сұлулық салондарына 28 млрд теңге жұмсады

Қазақстандықтар сұлулық салондарына 28 млрд теңге жұмсады

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы шаштараздар мен сұлулық салондары қазақстандықтарға 28,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті, оның ішінде халық қаражаты есебінен жүргізілген қызметтер 25 млрд теңгені құрады. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

2018 жылғы көрсеткіштер 2017 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға және 4,7%-ға артық.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда косметологтардың медициналық қызметтерін қатаң бақылау жоспарланғанын хабарлады. Министрлік бьюти-қызметтер бойынша барлық ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттерді қайта қарауды және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді ұсынады.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық зертханаларды халықаралық сертификаттауды, сондай-ақ «цифрландыру» қызметтерін ұсынуды жоспарлап отыр. Цифрлық жүйе тиісті органдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтардың өздері сұлулық индустриясындағы таза және сапасыз компаниялардың тізімін қалыптастырады.

Айта кетейік, шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша бір жылда 5,5%-ға қымбаттады.

Бьюти-қызмет саласындағы бағалардың рекордтық өсімі 2014 жылы тіркелді - бір жылда 11,6% (2013 жылмен салыстырғанда).

Ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда шаш қию әйелдерге орта есеппен 1777 теңге (2017 жылға қарағанда 2,4%-ға және бір ай бұрынғыдан 0,2%-ға артық); ерлерге - 1182 теңге (бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,8%-ға, ақпаннан 1,1%-ға көп) болды.

Республика бойынша шаш қиюдың жоғары бағасы Алматыда - әйелдер үшін 4385 теңге (+7,3%) және ерлер үшін 2760 теңге (+5,7%).

Наурыз айында үлкен қалалардың көпшілігінде әйелдердің шашын қию бағасы өзгеріссіз қалды. Ақпан айына қарай Петропавл (0,7%-ға) және Өскеменде (бірден 3%-ға) өсім байқалды. Бір айда ерлердің шашын қию бағасы Петропавл (4,8%-ға) және Өскеменде (1,5%-ға), сондай-ақ Түркістан қаласында (бірден 14,4%-ға) өсті.

Похожие материалы