Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлықты хабарлағаны үшін екі айда 4,5 млн теңге алды

Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлықты хабарлағаны үшін екі айда 4,5 млн теңге алды

Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін мемлекеттен 2018 жылы 27,3 млн теңге және 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 4,5 млн теңге алды, деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин.

«Өткен жылы қамқорлыққа алынған азаматтардың өтініштері бойынша Агенттіктің Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросы көптеген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін 2018 жылы 185 адам жалпы сомасы 27,3 млн теңгеге ынталандырылды. Оның ішінде ауыр емес қылмыстар бойынша 192 400 теңгеге 2 азамат, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша 9,04 млн теңгеге 73 адам, ауыр қылмыстар бойынша 18,1 млн теңгеге 106 адам марапатталды. Ағымдағы жылдың екі айында Ұлттық бюроның аумақтық органдары жалпы сомасы 4,5 млн. теңгеге 29 адамды марапаттады. Оның ішінде орташа ауырлықтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 9 азамат 1,1 млн теңгеге, ал ауыр қылмыстар бойынша 20 адам 3,4 млн теңгеге ынталандырылды», - деді Арман Бердалин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елімізде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеуді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы күресте өзге де түрде жәрдемдесетін азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Іс расталған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақы беріледі.

Похожие материалы