Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады

Қазақстан. 19 шілде. 7kun.kz – 30 тамызда Қазақстанда басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

Биыл Конституция күні сейсенбіге келеді. Бұл күн күнтізбеде демалыс болып белгіленген.

Сонымен қатар Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстырылды.

Бес күн жұмыс істейтіндер 28, 29, 30 тамызда қатарынан 3 күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер 28, 30 тамызда демалады.

Похожие материалы