Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендер үшін 3,6 млн доллар жинады

Қазақстандықтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендер үшін 3,6 млн доллар жинады

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 3,6 миллион доллар жинады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Түркияның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, бір күн ішінде Қазақстан азаматтары 216 мың доллар қайырымдылық жасады.

«Жиналған қаражат AFAD ресми шотына аударылды. Осылайша, жалпы қайырымдылық сомасы 3 миллион 616 мың АҚШ долларынан асты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Стамбулда тұратын қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек ретінде 160 мың доллар жинаған болатын.

Похожие материалы