Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–қазан айларында қазақстандықтар ұялы байланыс қызметі үшін 183,1 миллиард теңге жұмсады. Бұл туралы finprom.kz жазды.
Айта кетейік, көп жылдық құлдыраудан кейін секторда өсім тіркелді: бір жыл бұрын қызмет көлемі 10 айда 180,1 миллиард теңгені құрады. Ақшалай өсім 1,6%- ды, салыстырмалы бағаларда - 0,3%-ды құрады.
Бұл ретте ҚР-да ұялы байланыс абоненттерінің саны жыл ішінде 1,4%-ға, 25,9 миллионға дейін қысқарды. Олардың ішінде кең жылдамдықты интернетке қол жетімділігі бар абоненттер саны, керісінше, 7%-ға, 14,6 млн-ға дейін өсті.
Нәтижесінде ұялы байланыс абоненттерінің 56,5%--ы ғаламдық желіге қол жеткізді, бір жыл бұрын - 52,1%, бес жыл бұрын - 34,7%.
100 адамға шаққандағы ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы да 140 абонентке дейін төмендеді. Алайда, олардың арасында интернетке қол жетімді адамдардың тығыздығы 100 адамға шаққанда 79-қа жетті, бұл өткен жылдың көрсеткішінен жоғары - 75.