Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар үш айда интернетке 104 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған

Қазақстандықтар  үш айда интернетке 104 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған

Қазақстандықтардың байланыс қызметтерінің ішінде көбінесе интернетті (41,3%) пайдаланады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қаңтар-наурызда пошта және курьерлік қызмет айналымы төмендеген. Қазақстанда осы уақыт аралығында 12,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға аз.

Сонымен қатар, байланыс қызметтерінің көлемі 6,4%-ға, 253,5 млрд теңгеге дейін өсуде. Оның ішінде интернетті пайдаланудың айналымы 11,5%-ға өсіп, 104,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, ұялы байланыс қызметтерінің көлемі 0,4%-ға, яғни 59,7 млрд теңгеге дейін төмендеді. Ал жергілікті телефон байланысы 19,5%-ға, яғни 7,2 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең көп үлес интернетке (41,3%) және ұялы байланысқа (23,6%) тиесілі.

Ұялы байланыс абоненттерінің саны 1,1%-ға өсіп, 24,3 млн бірлікке жетті. Оның ішінде интернетті пайдаланушылар – 5,6%-ға, 17 млн.-ға дейін. Ал тіркелген интернет абоненттері – 2,8 млн.

Похожие материалы